Нашар көретіндерге арналған
Официальный сайт

Жер ресурстары


ШҚО, Глубокое ауданы, Черемшанка ауылының қоныс аймағынан 0,4 км солтүстік – шығысқа қарай орналасқан, жер учаскесінің аумағы 0,5 га – суармалы жайылым. Жер телімінің мақсаттық бағыты жерге орналастыру жобасын дайындау барысында нақтыланады. Сауда – саттықты жүргізу 2018 жылы бюджеттік қаражаттың бөлінуі кезінде жоспарланады.

Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімінің 2014 жылдың 1 тоқсанындағы 3 айда атқарған жұмыстары туралы ақпарат

  • Аудан аумағындағы барлық жер көлемі - 730 мың 263 га.
  • Осыдан көліктік өндіріске, байланыс, ерекше қорғаныстағы жерлер, 2 мың 900 га жер ресурстары және кенттерге 6 мың 626 га жер жер бекітілген.
  • Ауылшаруашылық мақсаттарына пайдалану үшін жер көлемі 187 мың 693 га құрайды.
  • Шаруа қожалығын жүргізу үшін азаматтармен бос емес жерлер 86 мың 263 га, заңды тұлғаларға мемлекеттік емес ауылшаруашылықтағы заңды тұлғалармен бос емес жерлер 98 мың 796 га.
  • 2012 жылға жер телімдерін түгендеуді іске асыру мақсатында жұмыс тобы құрылды. Анықтау барысында 6 мың 293 га оның ішінде: 1 мың 703 га – егістіктер, 1 мың 570 га – шабындықтар, 3020 га – жайылым.
  • Атқарған жұмыстар қорытындысы бойынша ауданы 29,0 га жерлерге 1 шарт жер телімін жалға беру туралы шарты бұзылды, мемлекетке қайтарылды. Ауданы 4 мың 495 га жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылды. 2013 жылы 1 мың 253 га жер телімдері ауылшаруашылық айналымға қатыстырылды.
Жер телімдерін беру
  • Жеке тұрғын үй құрылысы үшін және жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін жер телімдеріне құқық беру тіртібі туралы Жеке тұрғын үй құрылысы үшін және жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін жер телімдеріне құқық беру тіртібі ҚР Жер Кодексінің нормаларымен және ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдеріне құқықтар берудің Тәртібімен белгіленген. Қазақстан Республикасының азаматтарына жер телімдері жеке меншікке тегін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 га мөлшерінде және жеке қосалқы шаруашылық үшін 0,25 га мөлшерінде беріледі.
  • Атап айтылған мақсаттарға жер телімдерін екінші рет тегін беруге рұқсат етілмейді. Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері төлеп алу жолымен беріледі. Жеке қосалқы шаруашылық үшін жер телімдері 10 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Жер телімдерін алу үшін мүдделі тұлғалар сұралған жер телімдерінің орналасқан жері бойынша сәйкес жергілікті атқарушы органдарға (қала, кент, ауыл әкімі) жер телімдерін ұсыну туралы өтініш береді.
  • Өтініште жер телімдерін пайдалану мақсаты, оның болжалды мөлшерлері, орналасқан жері, сұраныс беру құқығы, жеке тұрғын үй құрылысы және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық үшін басқа да жер телімдерінің болғандығы (болмағандығы) көрсетіледі.
  • Өтінішке:
  1. тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
  3. жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық үшін ертеректе берілген жер телімдеріне құқықтар, азаматтарда жер телімдерінің болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама;
  4. азаматта болған немесе болмаған жеке үй құрылысы туралы анықтама.
Өтінішті қабылдау кезінде осы Ережелермен қарастырылмаған басқа құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.
  • Жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жеке қосалқы шаруашылық үшін жер телімдерін беру туралы өтініш оның түскен уақытынан бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады.
  • Жер телімдерін беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссия (әрі қарай – комиссия) қорытындысы негізінде қабылданады. Комиссия қорытындысын дайындау кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың және жер телімдерінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысының жергілікіті органдарының оны жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық үшін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстары ескеріледі. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 84-бабына сәйкес жер телімдерін мемлекеттік қажеттілік үшін алу жағдайларын ескере отырып, жер телімдеріне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органдардың шешімімен рәсімделеді және оның дәлелі болуы тиіс, ал шешім көшірмесі шешім қабылданған уақытынан бастап өтініш берушіге жеті күн ішінде берілуі тиіс.

Жер телімдерін беру нормалары (Қазақстан Республикасының жер кодексінің 50-бабы)

Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қызметтің осы түрлеріне жер бөліп берудің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар бойынша сәулет – қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.

Жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

  1. Ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық үй маңындағы және егістік телімдері қоса алғанда жүргізу үшін – суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;
  2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін –0,10 гектар ;
  3. Бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін –0,12 гектар.

Заңды тұлғалардың меншігіне жер телімдерін рәсімдеу мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін беру тәртібі

Жер теліміне жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын алуға мүдделі, заңды тұлғалар жер телімі орналасқан жері бойынша ауылдардың (село), ауылдық (селолық) округтердің, кенттердің аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, облыс, ауданның жергілікті атқарушы органдарына өтініш береді.

Өтініште:

  • жер телімін пайдалану мақсаты;
  • оның болжамды мөлшері;
  • орналасқан жері;
  • сұралып отырған пайдалану құқығы көрсетілуге тиіс.
  • жер теліміне құқықты табыстау туралы өтінішке міндетті түрде төмендегі құжаттар және олардың көшірмелері беріледі:
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
  • статистикалық карточка;
  • салық төлеуші куәлігі;
  • жер қойнауын пайдалануға сұралатын лицензия немесе келісім-шарт жасасу ісін немесе қызметін жүзеге асырудағы лицензия немесе келісім – шарт.
Қазіргі уақытта «бір терезе» принципі бойынша Өскемен және Семей қалаларында жер телімдеріне құқық табыстау ережелерінің жобасы әзірленуде.

Заңды тұлғалардың меншігіне жер телімдерін рәсімдеу мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін беру тәртібі

Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз және жер телімін алуға мүдделі болсаңыз, онда жергілікті атқарушы органға жер телімін беру туралы өтініш жіберу қажет.

Өтініште:
  1. оның болжамды мөлшері;
  2. орналасқан жері (сұралып отырған жер телімінің мөлшерлі орналасқан жері);
  3. сұралып отырған пайдалану құқығы (жер теліміне жеке меншік құқығы, уақытша өтеулі (ұзақ, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы);
  4. (жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығы үшін ) басқа жер телімінің болуы (болмауы)
  5. Жер пайдалану үшін мақсат (осы жер телімін қандай мақсаттар үшін көрсетілсін: жеке тұлғын үй құрылысы үшін, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін , бағдандық, саяжай құрылысы немесе шаруа қожалығы, басқа да мақсаттар үшін);
Жер телімін беруден бас тарту дәлелді болуы тиіс, ал оның көшірмесі қабылданған күннен кейін жеті күн ішінде тапсырылуы керек.


Оралмандарға жер телімдерін беру тәртібі

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 46-бабына сәйкес оралмандарға өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер телімдерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады, ал оралмандарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерінен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Жер телімі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға оралманмен жер телімін беру туралы өтінішті тапсырылған кезде:

  1. жер телімін пайдалану мақсаты ;
  2. оның болжамды мөлшері;
  3. орналасқан жері;
  4. Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралмандарға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығындағы сұралып отырған пайдалану құқығы;
  5. өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы үшін – басқа жер телімінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс. Берілген жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда олардың жеке меншігіне өтеді.
Оралмандар мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықты сауда- саттық (конкурс, аукциондар) арқылы ала алмайды.


Жер телімдерін обьектілер құрылысы үшін беру тәртібі


Жер телімдерін обьектілер құрылысы үшін жер телімдерін беру Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44 бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Обьектілер салу үшін жер телімдері сұралған кезде жер телімдерін таңдап алдын ала жүргізіледі, оны (республикалық маңызы бар қаланың, астананың ), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың(селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жер телімдерін беру жөніндегі өз құзыреттері шегінде құратын арнаулы комиссиялар жүзеге асырады.

Обьект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық – қорғау аймағын белгілеу үшін де жер телімдесін таңдау нәтижелерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер телімдерін таңдау туралы актімен рәсімдейді. Осы актіге әрбір жер телімдерін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі.

Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейінгі сақтау және көліктің басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы үшін жер телімідері сұралынған кезде жер телімдерін таңдау актісі және жерге орналастыру жобасы ҚР мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органымен де келісіледі.

Құрылыс обьектісін орналастыруға таңдалған аумақта, бұзылуға немесе көшірілуге тиісті ( соның ішінде жерді бөліп беру кезінде өнеркәсіп орындарының санитарлық – қорғау аймағына кіретін) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда, тапсырыс беруші шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлікке меншік иелерінің әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады.

Шартты сол кездегі бар құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, жасыл екпелерді басқа жерге ауыстырудың, көшірудің нақты шарттары мен мерзімдері, құрылыс жүргізушінің жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелері көрсетіледі.

Өтінуші немесе оның сенім білдірген тұлғасы жер телімдерін бөліп беруге талап етілетін келісімдерді жеке – дара қамтамасыз етеді. Осы Кодекстің 43-бабының 2- тармағына сәйкес, жер телімдерін таңдау актілері және жер телімдері шекарасының жобалары комиссияға қарау және қорытынды әзірлеу үшін табыс етіледі.

Комиссияның қорытындысы негізінде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзірленеді.

Жерге орналастыру жобасының құрамында берілетін жер телімдерінің көлемі, оның шекарасы мен орналасқан жері, жер телімінің аралас меншік иелері және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер телімдерінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады. Болжанып отырған, жер телімін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасының есептеулері қоса беріледі.

Жерге орналастыру жобасының негізінде жер телімдері орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жерге тиісті құқық табыстау туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын дайындайды.

Мемлекет меншігіндегі жер телімдерін берудегі жер үшін төленетін төлемдер

Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудғы немесе бастапқы уақытша өтеусіз жер телімдеріне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.

Мемлекеттік уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер телімдері үшін жер телімдерін пайдалану төлемақысы алынады. Жер телімдерін пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттік кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру өтеулі негізде, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімін ұзартып сату арқылы жүргізіледі.

Фотосуреттер галереясы

Loading carousel items...