Нашар көретіндерге арналған
Официальный сайт

2019 жылғы 13 желтоқсанға тағайындалған Кожохово және Секисовка ауылдық округі әкімдерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі ісшаралардың


Глубокое аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

2019 жылғы 06 қарашадағы №6

қаулысымен бекітілді


2019 жылғы 13 желтоқсанға тағайындалған

Кожохово және Секисовка ауылдық округі әкімдерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі ісшаралардың күнтізбелік жоспары


1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиясы

(1 абз. 36-1 б. 3 т.1 т.)

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей-

2019 жыл 23 қараша

(1 тт), 7) 4 абз.36-1 б.2 т.)

3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

Аудан әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын –

2019 жылы 13 қараша

басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда –

2019 жылы 17 қарашада

аяқталады.

(36 б. 1 т., 2-6 абз. 36-1 б. 3 т)

4. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған тармаққа ілу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат

хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс беру күніне 7 күн қалғанда–

2019 жылы 6 желтоқсанда.

(1 тт),7) 4 абз. 36-1 б. 2 т., 6 абз. 36-1 б. 10 т.)

5. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үш күннің ішінде.

(36 б. 1 т., 8,10 абз. 36-1 б. 3 т)

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2019 жылдың бірінші қарашасына дейін табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін.

(36-1 б. 3 т. 9 абз)

7. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2019 жылы 28 қарашада аяқталады.

(36-1 б.4 т., 1 абз. 36-1 б. 6 т.)

8. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей-

2019 жылы 5 желтоқсан.

(1 тт.)36-1 б. 5 т.)

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

(10-12 абз, 36-1 б. 3 т.)

10. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдарды тіркеу тізімдері берілген уақыттан бастап.

(2тт.) 4 абз.36-1 б.2 т., 7,8 абз, 36-1 б. 7 т..)

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру.

Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде- 2019 жылдың 29 қарашасынан бастап.

(1 тт),7) 4 абз.36-1 б. 2 т).

12. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi – 2019 жылы 12 желтоқсаннан бастап жергілiктi уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады.

(1 абз, 36-1 б.7 т.)

13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәттен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде.

(36-1 б.9 т.)

14. Сайлау қорларының уақытша арнайы шоттарын ашу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидат тіркелгеннен кейін–2019 жылы 29 қарашасынан кейін.

(1 тт.),7) 4 абз. 36-1 б. 2 т.)

15. Дауыс беруге арналған тармақты ашу, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2019 жылы 13 желтоқсанда.

(11 абз. 36-1 б. 10 т.)

16. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Бір күннің ішінде - 2019 жылы 13 желтоқсан.

(5-13 абз. 36-1 б. 10 т..)

17. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде–

2019 жылы 17 желтоқсаннан кешіктірмей.

(1 абз. 36-1 б. 11 т.)

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей - 2019 жылы 17 желтоқсаннан кешіктірмей.

(4 абз. 36-1 б. 9 т.)

19.Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қортындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей – 2019 жылғы 19 желтоқсаннан кешіктірмей.

(1,7 тт) 4 абз.36-1 б. 2 т.,3 абз. 36-1 б. 11 т.)

Ескертпе: Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күнтізбелік жоспарының мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормаларына сілтемелер жасалды.

Фотосуреттер галереясы