kazakh
russian
english

Жастар қозғалысы


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ГЛУБОКОЕ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІК
ҚАУЛЫ


Жастар істері жөніндегі аудандық Кеңестің ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

1. Жастар істері жөніндегі аудандық Кеңес (бұдан әрі Кеңес) Глубокое ауданының әкімі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес аудан аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелерді біртіндеп толық шешу мақсатында құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және ҚР Үкіметінің Жарлықтары мен қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және жастар саясатының мәселелеріне қатысты өзге де нормативтік құжаттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңес құрамы Төраға, 2 орынбасары, хатшы және Кеңес мүшелерінен құралады.
5. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
6. Кеңес шешімі ұсынымдық сипатқа ие болады.

2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері

7. Кеңестің мақсаты жастар саясатының басым міндеттерін іске асыру және облыс жастарының көкейкесті мәселелерін шешу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
8. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) жастар мәселелерін жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтау және талдау жасау;
2) мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға ұсынымдар әзірлеу;
3) жастардың кәсіби, рухани және физикалық дамуына жағдай жасау;
4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін шешуде атқарушы органдардың өзара әрекеттеріне жәрдем көрсету;
5) жастар және балалар бірлестіктерінің дамуына ықпал ету;

3. Кеңестің өкілеттілігі

Кеңес өз құзыреті шегінде:
9. Глубокое ауданыда жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға, жастар проблемаларын шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлеп, оны жергілікті атқарушы және өкілді органдарға қарауға ұсынуға;
10. Ауданның атқарушы органдары өкілдерімен жас ұрпаққа қатысты мәселелерді талқылауда өзара әрекеттесуге;
11. Жас ұрпаққа қатысты мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында көтеруге;
12. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан мемлекеттік, қызметтік, комерциялық құпия болып табылатын ақпараттардан өзге ақпараттар алуға;
13. Кеңес мүшелеріне жеке сұрақтарды зерттеп және Кеңес отырысына оларды қарау үшін ұсыныстар әзірлеу тапсырмасын беруге;

4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

14. Төраға отырыстарды өткізеді және Кеңестің хаттама шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды, Кеңес отырысына енгізілетін мәселелерді анықтайды, өзге де ұйымдастыру-басқару функцияларын атқарады. Кеңес төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
15. Кеңес хатшысы Кеңестің кезекті отырысын дайындауды қамтамасыз етеді, Кеңес мүшелеріне хабарлайды, іс қағаздарын жүргізеді.
16. Кеңес өзінің жұмысын бір жылға жоспарлайды.
17. Кеңес отырысы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына 1реттен кем емес өткізіледі. Кеңестің жалпы мүшелерінің 2/3 -ден аз емес мүшелерінің қатысумен өткен Кеңес отырысы, өтті деп есептеледі.
18. Кеңес отырысына Кеңес төрағасының немесе оның орынбасарының келісімімен шақырылған кәсіпорындар, мекемелер, оқу орындарының басшылыры, атқарушы органдардың өкілдері қатыса алады.
19. Кеңес мүшелерінің отырысқа қатысушы басқа тұлғаларға өкілетті беруге құқығы жоқ.
20. Кеңес отырысында талданатын мәселелер бойынша Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
21. Кеңес отырысы хатшы жүргізіп отыратын және Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қойып бекіткен, хаттамамен ресімделеді.

5. Кеңестің қызметін тоқтату

22. Кеңес қызметі аудан әкімдігінің тиісті қаулысы негізінде тоқтатылады.