kazakh
russian
english

«Огни Прииртышья» газетінің редакциясы


Бөлім туралы мәлімет Бөлім құрылымы

Глубокое ауданы әкімдігінің "Огни Прииртышья" аудандық газетінің редакциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның ЖАРҒЫСЫ

I. Жалпы ережелер

1.1. Глубокое ауданы әкімдігінің "Огни Прииртышья" аудандық газетінің редакциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын /әрі қарай - Кәсіпорын/ оперативті басқару құқығына негізделген, мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер мен журналдар арқылы жергілікті деңгейде жүргізу үшін құрылған.
1.2. Мемлекеттік меншік құқығын жүргізуші орган, құрылтайшы орган /әрі қарай - "Уәкілетті орган"/ - Глубокое ауданының әкімдігі болып табылады.
1.3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы - "Глубокое ауданы әкімінің аппараты" MM.
1.4 Кәсіпорынның толық атауы: Глубокое ауданы әкімдігінің "Огни Прииртышья" аудандық газетінің редакциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
1.5. Кәсіпорынның мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 26 үй, 32 пәтер.
1.6. Кәсіпорынның жұмыс кестесі: 8.30 -17.30, демалыс күндері: /сенбі, жексенбі.

II. КӘСІПОРЫННЫҢ ЗАҢДЫ СТАТУСЫ

2.1.Кәсіпорын заңды тұлға құқығына мемлекеттік тіркеуден /қайта тіркелуден/ өткен сәттен бастап ие.
2.2. Заңды тұлға ретінде Кәсіпорынның өз аты - Глубокое аудандық әкімдігінің "Огни Прииртышья" аудандық газетінің редакциясы" КМҚК жеке балансы, Қазақстан Республикасының "Ақпараттық құралдар туралы" заңына сәйкес банкте есепшоты, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен бұрыштамасы бар.
2.3. Кәсіпорын экономикалық қызмет түрлері бойынша өз атынан келісім-шарттар жасай алады.
2.4. "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң мен басқа да заңнамаларда көрсетілген мүлік болмаса, әр мүлік жедел басқару құқығының объектісі болып табылады.
2.5. Кәсіпорын өз меншігінде жарғыда көрсетілген қызмет түрлерін орындау үшін қажетті мүліктерді ұстай алады.
2.6. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 "Басылым және басқа да ақпарат құралдары туралы" /ҚР Заңына 3.05.2001 ж. кіргізілген № 181-11 өзгерістер/ Заңы бойынша редакция өз журналистерімен штаттан тыс тілшілерінің құқығын қорғайды.

III. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ

3.1. Глубокое ауданы әкімдігінің "Огни Прииртышья" аудандық газетінің редакциясы" КМҚК қызметінің негізгі мақсаттары болып табылатындар:
- газетті құрылтайшы бағдарламасына сәйкес және белгіленген уақытында шығару;
-жарияланатын материалдардың жоғарғы мамандандырылған деңгейде болуын қамтамасыз ету;
- болған жағдайлар мен оқиғаларды объективті түрде жазу, газет бетіне әртүрлі пікірлерді басуға беру;
- халыққа фото және компьютерлік қызмет көрсету, буклеттер шығару, құттықтау мәтіндерін, фотокөрме және т.б.
3.2. Редакция өз мақсаттарына жету үшін келесі міндеттерді орындайды:
- әр қызметкер өз шығармашылық мүмкіндіктерін толық пайдалана алу үшін ұжымда жақсы қолайлы жағдай жасайды;
- өндірістік және еңбек тәртібін нығайтады;
- қызметкерлердің шығармашылық жетістіктерін моральді және материалды түрде марапаттайды, олардың мамандық шеберліктерінің артуына қамқорлық жасайды;
- басқа да басылымдармен, шығармашылық одақтармен және ұйымдармен қарым-қатынаста болады;
- Редакция қызметкерлеріне еңбек ақыны жұмысқа қосқан үлесі мен өз міндеттеріне деген шығармашылық көзқарастарына байланысты төлейді.

IV. РЕДАКЦИЯНЫ БАСҚАРУ

4. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып «Глубокое ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталсын.
4.2. Мемлекеттік басқару органы заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша келесі функцияларды орындайды:
- Кәсіпорынның еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін /тұтыну қорын/ бекітеді;
- мекеме қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;
- Кәсіпорын бастығын тағайындайды және қызметінен босатады, оның құқықтарын анықтайды, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметінен босату негіздерін анықтайды. Ұжымдық келісім-шартты бекітеді немесе мекеме басшысына бекітуге тапсырады.
4.3. Кәсіпорын басшысы жұмысты ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады. Кәсіпорынға тапсырылған міндеттердің орындалуына жауапты.
4.4. Кәсіпорын бастығы өз бетімен жұмыс істейді, Қазақстан Республикасының Заңнамасы мен осы Жарғыға сәйкес мекемеге қатысты мәселелерді шешеді.
4.5. Редакция қызметін жүргізу кезінде мекеме басшысы Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша:
- Редакция атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
- барлық органдар алдында кәсіпорынның мүдделерін қорғайды;
- заңда көрсетілген тәртіп бойынша кәсіпорын мүлкіне ие;
- келісім-шарттар жасайды;
-кепілдіктер береді;
- банктік есепшоттар ашады;
- барлық қызметкерлерге қатысты бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
- уәкілетті орган тағайындағаннан басқа кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;
- Редакция жұмыскерлерінің қызметтік міндеттерін анықтайды;
- Кәсіпорын қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
- Редакцияның жұмыс кестесін белгілейді;
- газетке басылған хабарлардың шындыққа сәйкестігіне жауапты;
- Заңмен және уәкілетті орган шешімімен өзіне жүктелген функцияларды орындайды.
4.6. Редакцияның шығармашылық ұжымы:
- Жарғыға өзгертулер енгізуге ұсыныстар жасайды;
- газеттің шығатын нөмірлерімен жұмыс істейді.

V. КӘСІПОРЫН МЕН УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ, КӘСІПОРЫН ӘКІМШІЛІГІ МЕН ЕҢБЕК ҰЖЫМНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

5.1. Уәкілетті орган жеке меншік иесінің функциясын атқарады.
5.2. Уәкілетті орган редакцияның құрылу мәселелерін шешеді, қызметінің мәні мен мақсаттарын анықтайды, оның таратылуы мен қайта құрылуын, кәсіпорынның заңды тағдырын анықтау құқығына ие, редакцияға мүлікті бекітіп береді және редакцияға тиесілі мүліктің сақталуы мен қолданылуына бақылауды жүзеге асырады.
5.3. Уәкілетті орган заңда көрсетілген тәртіп бойынша мүлікке жедел басқару құқығын тотата алады.
5.4. Уәкілетті орган кәсіпорын кірістерін бөлу тәртібін анықтайды.
5.5. Уәкілетті орган келісімінсіз кәсіпорын құқылы:
5.5.1. Мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйлау келісім-шарттары негізінде Уәкілетті орган келісімінсіз негізгі фондқа жататын мүліктер сатып алуға.
5.5.2. Уәкілетті орган рұқсатынсыз банктік кредиттерді пайдалануға.
5.6. Редакция мен ұжым арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен, ұжымдық және жеке келісім-шарттары негізінде реттеледі.

VI. РЕДАКЦИЯНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

6.1. Редакцияның шаруашылық қызметі Жарғыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер, мемелекеттік басқару органдары арқылы келетін мемлекеттік тапсырыстар бойынша анықталады. Басқа шаруашылық қызметі тек уәкілетті орган рұқсатымен жүргізіледі.
6.2. Редакция қызметі уәкілетті орган бекіткен смета бойынша өз кірісінен қаржыланады. Өз кірісі шығыстарын өтей алмайтын жағдайда жетпеген қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
6.3. Редакция бюджеті жылдық тираждың қаржылық қажеттілігінен, "Огни Прииртышья" газетінің сатылуынан, жарнамалық мақалалар мен хабарландырулардан түскен кіріс негізінде, құрылтайшының қаржылық көмегінен құралады.
6.4. Редакция экономикалық қызметіне байланысты өз атынан келісім-шарттар жасай алады.
6.5. Редакция газет шығару жоспарын өзі дайындап бекітеді, шығармашылық және өндірістік сұрақтарды шешеді.
6.6 Редакцияға түскен кіріс өз қарамағында болады және газет шығару қызметіне пайдаланылады. Сметадан тыс кіріс уәкілетті органның келісімімен кәсіпорынды дамытуға жіберіледі немесе аудандық бюджетке аударылады.
6.7. Кәсіпорынның еңбек ақылық қоры мемлекеттік басқару органымен анықталады.
6.8. Еңбек ақы түрін, штаттық кестесін, лауазымдық жалақы мөлшерін, ынталандыру жүйесін және басқа да марапаттау түрлерін кәсіпорын өзі анықтайды.

VII. РЕДАКЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

7.1. Редакцияның материалдық-техникалық базасын уәкілетті жедел басқару құқығына берілген, уәкілетті орган кірістерімен субсидалары негізінде, уәкілетті орган рұқсатымен сатып алынған мүліктен құралады.
7.2. Редакцияға ғимарат, тоқтаусыз жұмыс істеу үшін өндірістік құралдар бекітіледі. Оларды пайдалануға ақы көрсетілген тәртіп бойынша төленеді.

VIII. РЕДАКЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕНШІК ИЕСІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

8.1. Редакция құзырындағы ақшалармен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
8.2. Редакция меншік иесінің мүлкіне міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
8.3. Редакция ақшасы жеткіліксіз болғанда оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті Уәкілетті орган атқарады.
8.4. Редакция таратылған жағдайда, оның мүлкі жеткіліксіз болғанда кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін соңғысы талаптың қалған бөлігін Редакцияның меншік иесінің мүлкі есебінен қанағаттандыру туралы сотқа арыз жазуына болады.

IX. ТАҒЫ БАСҚАЛАРЫ

9.1. Редакцияны қайта құру Глубокое ауданы әкімдігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады. Редакцияны қайта құру кезінде оның құқығы, міндеттемелері, мүлкі, ақшасы заңды ізбасарына ауысады.
9.2. Редакцияны тарату Глубокое ауданы әкімдігінің шешімі негізінде, сонымен қатар Заңнамаларда көрсетілген тәртіппен және жағдайлармен жүргізіледі.
Редакция мүлкін қызметкерлердің еңбек ақысы төленгеннен кейін, кредиторлар алдындағы міндеттемелер орындалғаннан соң Глубокое ауданының әкімдігі қайта бөледі.