Глубокое аудандық казынашылық басқармасы
| Жалпы ережелер |
Мемлекеттік мекеме туралы жалпы ақпарат Руководитель |
ҚР ҚМ ҚК ШҚО бойынша ҚД Глубокое аудандық Қазынашылық басқармасы ММ құрылымы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің
Глубокое аудандық қазынашылық басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды өткізу саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Басқарма өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының және Қазынашылық департаментінің бұйрықтарын (өкімдерін), өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы бекітетін осы Ереженің негізінде әзірленген Ережені басшылыққа алады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін шоттары болады және өз қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментіне бағынады.
4. Басқарма өз қызметiнде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оларды жергілікті бюджеттер бойынша үйлестіру, жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және салық және басқа да міндетті төлемдерді әкімшіліктендіретін уәкілетті органдармен өзара қарым-қатынас жасайды.
5. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен, Басқарма бастығының немесе оның міндеттерін атқаратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін жеке қолданыстағы құқықтық актілерді шығарады.
6. Басқарма туралы ережені және оның штат кестесін Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің бастығы бекітеді. Басқарманың құрылымын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітетін құрылымның негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің бастығы бекітеді.
Басқарманың штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы бекіткен штат саны лимиті шегінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің бастығы бекітеді.
7. Басқарманың заңды мекен-жайы: индексі: 070500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, № 9 үй.
8. Басқарманың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары
мен құқықтары
12.Басқарманың негізгі міндеттері:
республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргізуді және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетуді ұйымдастыруын жақстартуды жүзеге асыру;
бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларын атқару бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бірлік принциптерін сақтауын, бюджет түсімдерін қайта бөлу арқылы бюджеттердің өзара әрекетіне негізделген және бірыңғай нормативтік құқықтық базамен қамтамасыз етілген барлық деңгейдегі бюджеттердің толықтығын, нақтылығын, транспаренттілігін, жауапкершілігі мен дербестігін қамтамасыз ету;
бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету мәселелерінде алдын-ала және ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету;
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету мәселелері бойынша алдын-ала және ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету;
бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есепті және есептілікті және қазынашылық органдары жүйесінде ішкі бақылауды дамытуға және жетілдіруге қатысу;
ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және бақылау болып табылады.
13. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды:
1) республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету;
2) мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;
3) қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне өзерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және жергілікті бюджеттердің міндеттемелері жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарын енгізу;
4) мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарына, жергілікті бюджеттер бойынша бюджет бағдарламаларының әкімшілерін қаржыландыру жоспарларына, ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражат бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің кіріс және шығыстарын қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу және жүргізу;
5) жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің рұқсаттарын енгізу;
6) нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік органдар мен өңірлерге арналған бюджеттік үдерістің ерекше тәртібі (пилоттық жоба) бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамаларына сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу және рұқсаттарды енгізу;
7) мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру;
8) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
9) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шоттарын енгізу және бекіту;
10) қайтару бойынша салық органдары мен уәкілетті органдардың арасында кірістердің бюджеттік сыныптама кодтары арасындағы тасымалдармен байланысты операцияларды жүзеге асыру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате (артық) аударылған сомаларын есепке алу және қайтару бойынша төлем тапсырмаларын енгізу, сақтау және бекіту;
11) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, ақылы қызметтер жөніндегі шоттар бойынша, демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша, жеке және заңды тұлғалардың уақытша ақша орналастыру бойынша, оның ішінде шетел валютасындағы, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің басқа шоттарын есепке алуды қамтамасыз ету;
12) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың негізінде ақша алушылардың анықтамалығын жүргізу;
13) тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімімен жергілікті бюджетте бекітілген сома шегінде ауданның бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аударуды қамтамасыз ету;
14) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердің кассалық шығыстарын қалпына келтiру және тасымалдау;
15) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма - қол ақшамен қамтамасыз ету;
16) «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалардан және мемлекеттік мекемелердің өкілеттіктерінен алынған қолма-қол ақшаны есептеу бойынша мәліметтер құрастыру;
17) бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалардан және мемлекеттік мекемелердің өкілеттіктерінен алынған қолма-қол ақшаны есептеу бойынша салыстыруды жүзеге асыру;
18) мемлекеттік мекемелер ұсынатын қаржы құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін алдын-ала және ағымдағы бақылау;
19) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шетел валютасында операциялар жүргізу кезінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
20) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылау;
21) мемлекеттік мекемелердің шоттарына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылау;
22) мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, шот-фактуралардың, хабарлама-шоттарының, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттардың және азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
23) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен ерекшеліктер бөлінісінде берілген рұқсаттар мен жүргізілген кассалық шығыстар туралы есептілік нысандарын беру, сондай-ақ шоттар бойынша операциялар жүргізген жағдайда көшірме беру;
24) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікті қалыптастыру;
25) жергілікті атқарушы органдарға және салық органдарына жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы туралы шығыс нысандарын беру;
26) жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарының жағдайы туралы күн сайынғы ақпарат жасау;
27) заңнамада белгіленген тәртіппен соттардың және өзге органдардың қаулылары бойынша инкассолық тапсырмаларды орындау;
28) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде мемлекеттік мекемелердің төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
29) қаржы тәртібінің сақталуына және бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды дайындау;
30) қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
31) кадр және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
32) Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысу;
33) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды атқару.
14. Басқарманың заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазынашылық департаментінен, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардан, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерден мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді алуға;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелер жөніндегі бекітілген жоспарларға сәйкес қаражатты жұмсау жөніндегі міндеттемелерді қабылдауын ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының сақталуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
4) қазынашылық органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және олардың атқаратын міндеттері мен функцияларының атқарылуын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарында заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды тиісті органдарға қарауға жіберуге;
6) мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен (олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) ұлттық және шетелдік валютада банктік операцияларды, сонымен қатар демеушiлiк, қайырымдылық көмектен, гранттардан түсетiн түсiмдер бойынша операцияларды және мемлекеттiк мекеме жеке немесе заңды тұлғалар оларды қайтарып алу шартында беретiн ақша бойынша мынадай операцияларды:
мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізуге;
есеп операцияларын: төлеуге берiлетiн шоттардың негiзiнде мемлекеттік мекемелердің төлемдерін өткізуге;
7) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде бюджет бағдарламалары әкімшісін қаржыландыруды тоқтатып қоюға;
8) өз құзыретінің шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Басқарманың мүлкі
15. Басқарманың оперативтік басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Басқармаға бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
16. Басқарманың өзiне бекiтіліп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
17. Заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте Басқармаға мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті бастығының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
Бастықтың Басқарма бастығының ұсынымы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
19. Бастық Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
20. Бастық:
Басқарма қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
заңнамада белгiленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртiптiк жаза қолданады;
осы Ереженің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітетін Құрылымның негізінде Басқарма туралы ережені, оның құрылымын және штат кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің бастығына бекітуге береді;
заңнамада белгiленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
Басқарманың бұйрықтарына қол қояды;
заңнамаға сәйкес Басқарманы мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттерді іске асырады.
5. Басқарманы қайта құру және тарату
21. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.











