«Қаржы бөлімі» ММ
| Бөлім туралы мәлімет | Бөлім бастығы | Бөлім құрылымы |
Бөлім құрылымы
«Глубокое ауданы бойынша салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының есептелуін, ұсталуын және аударылуын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың есептелуін және төленуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымы саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Салық басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Салық басқармасы туралы Ережені басшылыққа алады.
Басқарманың мекен-жайы: 070500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 19.
Басқарма Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Мемлекеттік мүдделерін қорғау;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіпте салық төлеушінің салық міндеттемелерін, салық агенттігінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндеттерді орындауына бақылау;
әлеуметтік аударымдардың толық есептелуін және уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы есептелуін, ұсталуын және аударылуын бақылау;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивиденттердің, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысынан, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;
салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттарды беру, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;
салық төлеушілерге (салық агенттеріне) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін, белгіленген салықтық өтініштер нысандарының бланкілерін және (немесе) салық есептілігі мен өтінішті электронды түрде табыс ету үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
өз құзыреті шегінде Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару, айыппұлды қайтару;
салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, есептелген және ұсталған әлеуметтік аударымдарды есепке алу;
бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;
өз құзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексерістер жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;
Халықаралық іскерлік операцияларды трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің монитрингін жүргізу;
Салық кодексіне сәйкес, 7 салық міндеттемелердің орындалуын және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін мәжбүри тәртіпте өндіріп алуды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) Басқарманың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарын қарау;
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беру;
Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдау;
Салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап ету және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылау;
Салық төлеушілерге салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіру және түсінік беру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
Салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасасу;
Этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасасу;
өз құзыреті шегінде мұнай өнімдері нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақытылы түсуін бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға толық және уақтылы берілуін, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның толық және уақтылы түсуін бақылау;
өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру;
сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.













