kazakh
russian
english

«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Шығыс Қазақстан облысы «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай – Бөлім), аудан әкімінің аумақтық атқару органы болып табылады және Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментімен (бұдан былай – Департемент) өзара іс-әрекеті жүзеге асырады, ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын салааралық және аймақтық үйлестіруді жүзеге асырады.
2. Бөлім өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Министрліктің директивалық шешімдеріне, облыс, аудан әкімдерінің шешімдеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеменің құқықтық-ұйымдастыру формасына заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрі мен бұрыштамасы, банкте есепшоты, белгіленген үлгідегі бланктері бар заңды тұлға болып табылады.
Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
4. Бөлімнің штаттық кестелимитін аудан әкімдігі белгілейді, құрылымын, ережесін Глубокое ауданының әкімдігі белгілейді.
5. Бөлім өзінің құзыретіне енетін мәселелері жөнінде заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
6. Бөлімнің заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Поповича көш. 11а.
7. Бөлімнің толық атауы - «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
8. «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрлытайшысы Глубоко ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады, құрлытайшылық құжаты Глубокое ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы «Глубокое ауданының мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» №898 қаулысы және осы Ереже болып табылады. Өзгерістер мен толықтыруларды Глубокое ауданының әкімдігінің енгізеді.
9. Осы Ереже бөлімінің құрылтайшылық құжаты болып табылады. Бөлімнің құрылтайшылыққұжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Глубокое ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
10. Бөлімнің іс-әрекетін қаржыладыру аудан бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бөлімге өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Бөлімге заңнамалық актілермен табыс әкелетін іс-қимылмен айналасу рұқсат етілсе, бұдан қызметтен түскен табыстар аудан бюджетінің табысына жіберіледі.

2. БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ҚІЗМЕТІ МЕН ҚҰҚЫҒЫ

11. Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылатындар:
1) аумақтық әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, стратегиялық жоспарын, бағдарлама жасау, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асыру;
2) ауданның салық саясаты мен әлеуметтік-экономикалық дамудың басым мақсаттары өзара қарым-қатынаста аймақтық фискальді, бюджеттік, бюджетаралық және инвестициялық саясатты қалыптастыру.
12. Бөлім экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру саласында заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды атқарады:
1) ауданның атқарушы органдарының органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарына ұсыныстарды, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының Қысқа мерзімді жоспарын қалыптастыру, олардың орындалу мониторингін жүзеге асыру;
2) аудан дамуының Стратегиялық жоспарын және әлеуметтік-экономикалық дамудың Қысқа мерзімді жоспарының жобаларын құру;
3) өзінің құзіреті шегінде бюджет түсідерінің көлемі бойынша бюджетті жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттері мен басым мақсаттарын есепке ала отырып олардың пайдалану бағыттарын жүзеге асыру;
4) алдағы үш жылдық кезеңге ауданның қысқа мерзімді фискальды саясатының жобасын құрады және бюджеттік комиссияның қарауына және әкімшіліктің бекітілуіне ұсынады;
5) бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстарын қарайды және ол бойынша аудандық бюджеттік комиссияның қортындысын даярлайды;
6) аудандық бюджеттік комиссияның жұмысшы органы болып табылады;
7) қысқа мерзімді фискальды саясат негізінде түсімдер көлемін, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен даму бағдарламалар үшін шығыстар лимитіне болжам жасайды, лимиттерді бағдарламалар әкімшілікке жеткізеді;
8) жергілікті атқарушы органдар мен ведомство ішіндегі мемлекеттік мекемелердің штаттық санының лимитін белгілеу жөніндегі аудан әкімшілігіне қаулыларын даярлайды;
9) әкімшілік-аумақтық бірліктерді басқару кестелері бойынша шешімдер жобаларын даярлайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттің орындалуы бойынша тиісті қаржылық жылға жергілікті өкілетті органдардың келісімімен мәслихаттардың жергілікті бюджеттер туралы шешімдерінің жүзеге асырылуы туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын даярлайды;
11) аймақтық бағдарламалардың жобалары бойынша қортындыларды қарайды және даярлайды;
аудандық бюджеттен қаржыландаратын атқарушы органдардың ,и олардың бюджеттік тапсырыстары бойынша олардың іс-кимылын қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі шығыстар бойынша;
жергілікті атқарушы органдардың білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат мәселелері бойынша бюджеттік тапсырыстар;
жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мәселелері жөніндегі бюджеттік тапсырыстар;
12) басым мақсатты бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін қалыптастыру;
13) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптау мен құруды жүзеге асырады және одан ары жобалау-сметталық құжаттаманы елістіру;
14) басым мақсаттағы тапсырыстарға гранттарды тарту тізбесін қалыптастыру және оны Глубокое ауданы әкімшілігіне бекітуге ұсыну;
15) бюджеттік несиелеуді, қарызды және аймақтық қарыз алуды сараптау мен жоспарлауды жүзеге асыру;
16) түсімдердің жылдық көлемімен теңестірілген бюджет шығыстарын экономикалық саралау бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалар) қаржыландырудың жылдық жоспарларын құрады және бекітеді;
17) бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті орган бекіткен жылдық қаржыландыру жоспарын бюджетті атқару жөніндегі өкілетті органға, сонымен қатар бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жібереді;
18) әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқа мерзімді жоспарларын, бюджеттік жоспарлауды, бағдарламаларды және аймақтық бағдарламаларды құру мен жүзеге асыруды әдістемелік қамтамасыз ету;
19) әлеуметтік сала инфроқұрылымы көрсеткіштерін құру мен мониторингті ұйымдастыру;
20) әдістемелік қамтамасыз ету, бюджеттік инвестицияларды құру мен мониторингті ұйымдастыруды жүзеге асыру;
21) инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларды құру, басым мақсаттағы инвестициялық жобаларды және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін сыртқы және ішкі инвестицияны тартуға қолдау көрсету;
22) Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментіне және басқа да мүдделі орталық атқару органдарына республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды орындалу туралы ақпаратты ұсыну;
23) әкімшілік-аумақтық бірліктерді аймақтық басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды құру;
24) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын сараптауды жүзеге асыру;
25) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын жұмыскерлердің еңбектерін төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды құру;
26) кенттік, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісін өткізу;
27) бөлімнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын құру;
28) бөлімнің құзіретіне енетін бағыттар бойынша аймақтық, аудандық бағдарламаларды құруға қатысу;
29) экономикалық қауіпсіздік мәселелері мониторингін жүргізу;
30) ауылдық аумақтарды дамытудың облыстық бағдарламаларын құруға қатысу;
13. Бөлім ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының аймақтық саясатын жүзеге асыру саласында келесідей функцияларды жүзеге асырады:
1) жергілікті бюджеттің орындалу және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді жоспары, стратегиялық жоспарды орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру мен қаржылық, экономикалық сараптама жасауды жүзеге асыру;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және аудан экономикасының салаларына мониторинг жүргізу;
3) экономикалық талдау мен макроэкономикалық болжауды өткізу;
4) жергілікті бюджетке түсімдерді болжау;
5) аймақтық бағдарламалардың, бюджеттік бағдарламалардың, бюджеттік инвестициялардың және гранттардың орындалу тиімділігіне (нәтижелілігіне) бағалауды жүргізу;
6) аудандық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестесіне талдауды жүзеге асыру;
7) аудандағы қолданыстағы және жасалынып жатқан аймақтық бағдарламалардың тізбесін қалыптастыру мен одан ары жүргізу;
8) бөлім құзіретінің шегінде аудандық бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
9) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен механизмдері мәселелері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу;
10) ауылдық аумақтарды дамыту саласында аудандық бағдарламаларды орындау, мониторинг жүргізу, талдау жасау;
11) ауыл халқының миграциялық жылжуына мониторинг жасау, ауылдық орналастырудың оңтайлы кестелерін құру;
12) ауыл халқын экологиялық жайсыз және экономикалық болашағы жоқ аумақтардан көшіру жөніндегі ұсыныстарды құру;
13) ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін жасау мен құжаттандыру жөніндегі материалдарды даярлау;
14) ауданның шаруашылық және атқарушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасау;
14. Бөлім экономикалық іс-қимылды мемлекеттік реттеу саласында келесідейфункцияларды жүзеге асырады:
1) аудандық бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптауды жүргізу;
2) жер қойнауын пайдалану үшін контрактілерге экономикалық сараптауды жүзеге асыру;
15. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін және өзінің функцияларын атқару үшін заңнамамен белгіленген құқықтар бар:ъ
1) әкімшілікке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) жергілікті атқарушы органдардың, Үкімет бағдарламаларын орындау жөніндегі қысқа мерзімді жоспарларын орындауына мониторинг жүргізуге;
3) әкішіліке аудандық бағдарламалардың дұрыстығы туралы ұсыныстар енгізуге;
4) өзінің құзіреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-сараптық материалдар ұсынуға;
5) өзінің құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттар алуға;
6) қазақстандық және шетелдік заңды мен жеке тұлғалардың консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін тартуға;
7) сараптама мен кеңес берудіжүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сонымен қатар тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
8) өзінің құзыреті шегінде әкімнің шешімдері мен әкімшілік қаулыларына келісімін беруге.

3. БӨЛІМНІҢ МҮЛКІ

16. Бөлімнің бекітіліп берген мүлікті жедел басқару құқығы бар.
17. Бөлім мүлкі мемлекет есебінен берілген мүліктен құралады және негізгі қор мен айналымдағы қаражаттардан, сонымен қатар бағасы Бөлімнің балансында көрсетілген коммуналдық меншікке жататын басқа да мүліктен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін жағдайларда, коммерциялық емес ұйымдардың мүлкі қалыптасуы кезіндегі мүліктен.
18. Бөлім өз бетімен және смета бойынша бөлінген мүлікті бөлектеуге құқығы жоқ, смета бойынша бөлінген қаражаттардан сатып алынған егер ол заңнамалық актімен белгіленбесе.
19. Бөлім таратылған кезде мүлік Глубокое ауданының әкімшілік тұлғасында мемлекетке қайтарылады.

4. БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

20. Бөлімді заңнамаға сәйкес аудан әкімі тағайындап және босататын бөлім басшысы басқарады.
21. Басшы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтредің жүзеге асырылуының, орындалмауы үшін жеке бас жауапкершілікті тартады.
22. Осы мақсатта бастық:
1) бөлімнің жауапты жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;
2) заңға сәйкес бөлімнің жұмыскерлерін тағайындап және жұмыстан босатады;
3) заңмен бекітілген тәртіпте бөлім жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдана алады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлімнің атынан шығады;
6) заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
22-1. Бөлім басшысы жемқорлыққа қарсы қажетті шараларды қабылдайды және бөлімдегі жемқорлыққа қарсы шараларды қабылданбаған жағдайда, дербес жауапкершілікті өзіне алады.

5. БӨЛІМДІ ҚАЙТА ҚҰРУ МЕН ТАРАТУ

23. Бөлімді қайта құру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.