kazakh
russian
english

2009 жылдың 1 тоқсанына Глубокое ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуының қорытындылары туралы


Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында позитивті тенденция сақталуда.
2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында өнеркәсіп өнімдердің көлемі қолданыстағы бағамен 2708 млн. теңге құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 6,6% - ға жоғары. Физикалық көлем индекісі 173,7% құрады, сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібінде – 176,9%, өңдеуші өнеркәсібінде - 224%, электро энергия, газ және су өндірісі және бөлуінде – 99,1%.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Карагужиха к. Агапкин В.Ф. жеке кәсіпкерімен домалақ орманды кесу бойынша цех ашылды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Прапорщиково а. Хан Л.В. жеке кәсіпкерімен пластикалық терезе өндіру бойынша цех ашылды.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылықтың жалпы өнімінің көлемі 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында салғастырымдылық бағамен 1034,9 млн. теңге құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 8%-ға жоғары.
2009 жылдың қаңтар – ақпан айларында ет өндірісі өткен жылдың деңгейінде қалды және 1797,5 тонн құрады. Сут өндірісі 5%-ға (6914,9тонн), жұмыртқа өндірісі – 23,25%-ға (25204 мың дана).
ІҚМ басы 11%-ға (23531 бас) азайды, оның ішінде сиыр 4,7%-ға (9819 бас), шошқа 17,1%-ға (19376 бас), жылқы 4,9%-ға (2263 бас), қой және ешкі 3,8%-ға (11517 бас). Құстар басы 18,3%-ға жоғарлады (699 мың бас).
2009 жылдың 10 сәуірдегі жағдай бойынша көктемгі – егіншілік жүмыстарына шаруашылықтар 1948 тонн дизель отының сатып алды (96%) қажеттілікке, 496 тонн жанар май (98%), 107 тонн дизель майы (101%).
2009 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ несиелеу» бағдарламасы бойынша сомасына 31,1 млн. теңгеге «Агрофирма Серов и К» жобасы қаржыландырылды.
Ағымдағы жылы «Глубокое – АгроКредит» АНБ сомасына 79,9 млн. теңгеге 24 несие берді.
Көктемгі – егіншілік жұмыстарына «Продкорпорация» АҚ арқылы 2 несие рәсімделді: «Ушанова – Астана» ЖШС 17 млн. теңге және «Утешева» ш/қ 6 млн. теңге.
Кәсіпкерлік. Жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 159 бірлік құрады, ағымдағы жылдың басына 1 бірлікке көбейді.
2009 жылдың қаңтар – наурыз айларына, аудандағы шағын кәсіпорындармен өндірілген өнімдердің көлемі 381,8 млн.теңге құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 4,9%-ға жоғары.
2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке салық түсімдердің сомасына 60996 мың теңге құрады, сонымен қатар жергілікті бюджетке – 57435 мың теңге.
В 2008 жылы индустриалды-инновациялық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды: Белоусовка к. ауыр жүкті автокөліктерді жинайтын зауыт («Алға» автокөлік корпорациясы). Жерге құқық беретін құжаттар рәсімделді. 55 млн. теңгеден астам қажараттар игерілді. Қазіргі уақытта инвесторлар ізделуде.
2009 жылдың басынан бері кәсіпкерлітік қызметті ұйымдастыру үшін, ауданның шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне 2 нысана жалға берілді.
2009 жылдың 1-ші тоқсанына «Глубокое ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылыс және қайта жаңғыртудың 4 жобасы келісілді (дүкендер, кафе, дәріхана және т.б. ашылуы).
Ауданда 4 жаңа дүкен, Карагужиха к. тақтайға домалақ орманды кесу бойынша цех және Прапорщиково а. пластикалық терезелерді өндіру бойынша цех ашылды.
2009 жылдың басынан бері кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін 24,15 га жалпы алаңымен 14 жер телімдері бөлінді.
Сауда. 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 408,5 млн. теңге құрады немесе облыс бойынша жалпы көлемінен 0,9%. Өткен жылдың сәйкес мерзіміне тауар айналымы 4,6%-ға төмендеді.
Инвестициялық қызмет. 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда заңды тұлғалармен инвестицияны игеру көлемі 36%-ға төмендеді және 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында 270,7 млн. теңге құрады.
Инвестиция түсімінің негізгі көзі - кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражаты. Олардың үлесі инвестицияның жалпы көлемі негізгі капиталда 85,5% құрайды.
2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында заңды тұлғалармен аудан экономикасына инвестицияларды көлемі 9 млн. теңге құрады:
- Агапкин В.Ф. жк Карагужиха а. домалақ орманды кесу бойынша цех ашылды;
- Эрнст Д.Я. жк Малоубинка а. аралас тауралар дүкені ашылды;
- Базекенова Н. жк Алтайский к. азық-түлік тауарлар дүкені ашылды;
- Ракишев К.К. Винное а. өндірістік тауралар дүкені ашылды;
- Хан Л.В. жк Прапорщиково а. пластикалық терезе өндіру бойынша цех ашылды;
- Ценкер Л.П. жк Веселовка а. шаруашылық тауралар дүкені ашылды;
Есеп беру кезеңінде тұрғын ұйлерді пайдалануға беру 76%-ға төмендеді және жалпы алаңы 1086 шаршы метр құрады. Тұрғын үй құрылысы жеке құрылысшылар есебінен жүргізіледі.
2009 жылы аудандық бюджет қаражатынан, 2008 жылы басталған, Глубокое к. 70 пәтерлі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуін ақтауға 479 мың теңге бөлінді.
Құнсыздану. Жыл басына қарағанда облыс бойынша март айында құнсызданудың жалпы деңгейі көбейді және 102% құрады, өткен жылдың деңгейіне - 100,9%.
Ауданда құнсыздану үдерістерін тежеу бойынша штаб жұмыс істеуде: 2009 жылдың басынан бері 6 отырыс өтті. 26.01.2009 жылдың №126-р Глубокое ауданы әкімінің өкімімен дағдарысқа қарсы іс – шаралар бойынша жұмысшылар аудан жұмысшылар тобы құрылды, дағдарысқа қарсы іс – шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. 10 отырыс өтті, 13 кәсіпорын басшылары тындалды.
Көлік. 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында автомобиль көліктерімен 37,9 мың жолаушы жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 53,4% - ға жоғары.
Бюджет. 2009 жылдың 1 – ші тоқсанына аудан бюджеті кірістер бойынша 104,2% - ға орындалды (сонымен қатар меншікті кірістер бойынша 110,8% - ға), 501,8 млн. теңге түсті, жоспарға қарсы 481,8 млн. теңге.
2009 жылдың 1 – ші тоқсанына аудан бюджеті шығыны бойынша 483,1 млн. теңге жоспарымен 480,6 млн. теңге сомасына орындалды немесе 99,5% - ға.
2009 жылдың 1 – ші сәуірдегі жағдай бойынша бюджет бересілері 31,9 млн. теңге құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 19,5% - ға төмен.
Әлеуметтік қамсыздандыру. Экономика саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2007 жылға қарағанда 3,3%-ға өсімімен 35,5 мың адам деңгейіне қалды.
2009 жылы 1 сәуірдегі жағдай бойынша белгіленген еңбек нарығында жұмыссыздардың саны 485 адам құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 135 адаға жоғары.
Экономикалық белсенді халықтың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,3% құрайды (01.04.2008 жылға – 1,0%).
175 жұмыссыздар жұмыспен қамтылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7 адамға жоғары. Аудан бойынша жұмыспен қамтылғандардың деңгейі 50,1% (01.04.2008 жылға - 88%).
Төлемақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға 176 адам тартылды (жылдық тапсырмадан 40,9%).
Кәсіптік оқуға 43 адам жіберілді (жылдық тапсырмадан 71,7%).
2009 жылдың 1 – ші сәуірдегі жағдай бойынша аз қамтылған азаматтардың саны 1357 адам құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 5,9%-ға төмен.
Еңбек төлемі. 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында аудандағы кәсіпорындардың бір жалдамалы қызметкерінің орта мерзімді еңбекақысы 48062 теңге құрайды, 2008 жылдың сәйкес мерзіміне 17,7%-ға өсті.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы. Березовка, Веселовка, Быструха а., Глубокое к. сумен жабдықтау жүйесін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 16,2 млн. теңге бөлінді. Винное а. су құбыры желісін күрделі жөндеуін ақтауға облыс бюджетінің трансферттер есебінен 71,89 млн. теңге бөлінді.
Ушаново а. сумен жабдықтау желісін күрделі жөндеу жұмыстарына арналған ЖСҚ дайындауға сомасына 700 мың теңге бөлінді және Глубокое к. арналақ кәріздер желесін күрделі жөндеу жұмыстарына сомасына 500 мың теңге бөлінді. Тазалау құрылысын орнату үшін жерге орналастыру құжаттарын жасауға қаражаттар – 198 мың теңге.
Секисовка, Кожохово және Веселовка а. мал қорымдарын қалпына келтіру үшін 1,5 млн. теңге бөлінді.
Прапорщиково, Опытное поле және Секисовка а. жарықтандыру желісін жөнеуге және қалпына келтіруге 4,9 млн. теңге бөлінді.
2009 жылы Карагужиха к. көпір салуға арналған, 2008 жылы басталған, ЖСҚ дайындауын аяқтауға 986 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар, аудан бюджеті қаражатының есебінен, ауылішілік жолдарды ағымды жөндеуге және ұстауға ауылдарда 8,1 млн. теңге бөлінді.
Аудандық маңызы бар жолдарды ұстауға 2009 жылы 40 млн. теңге жоспарлануда.
Білім беру. Білім беру саласын қаржыландыру көлемінің өсу көлемінің беталысы сақталуда. Ағымдағы жылы білім беру бюджетінің көлемі 1406,1 млн. теңге құрады, 2008 жылға 10%-ға өсуімен. Ағымдағы жылдың 3 айына орындалуы 324,9 млн. теңге құрады немесе 99,9% және жылдық тапсырмаға – 23,1%.
2009 жылы білім беру нысаналарды құру және қайта жаңартуға 3,1 млн. теңге (О.Бокей атындағы Глубокое қазақ ОМ құрылысты аяқтау бойынша ЖҚС түзетуін аяқтау, Перевалово ОМ қосымша құрылысына ЖСҚ әзірлеуін аяқтау, Кожохово ОМ қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеуін аяқтау), күрделі жөндеу жұмыстарына – 9,2 млн. теңге (Прогресс ОМ, Тарханка ОМ, Глубокое к. Балалар шығармашылық үйіне күрделі жөндеу жұмыстары), ағымды жөндеу жұмыстарына – 31,6 млн. теңге, материалдық – техникалық базаны нығайтуға – 14,2 млн. теңге бөлінді.
1534 адам санымен, бір балаға күніне 91 теңге сомасында аудан бюджетінің есебінен аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды тегін тамақтандыру қарастырылды.
Ауданның барлық мектептері ғалам тор желісіне қосылған.
Денсаулық сақтау.
2009 жылдың қаңтар – ақпан айларында, өткен жылдың сәйкес мерзімінен салыстырғанда халықты, бірінші рет жүгінген онко аурулардың саны 100 мың адамнан 11,1%-ға төмендеді; халықтың жалпы өлімі 1000 адамнан 20%-ға төмендеді. Дегенмен, тірі туатындардың 1000 адамнан бала өлімі 35,5%-ға өсті, бірінші рет жүгінген туберкулез аурумен ауратындардың саны халықтың 100 адамынан 13,6%-ға өсті.
Мәдениет. Секисовка а. мәдениет үйінің ағымды жөндеу жұмыстарына 2009 жылы сомасына 820 мың теңге бөлінді (электр жылу желісіне қосылу).
Мемлекеттік тілдің дамуына ерекше назар бұдан көп аударылуда. 2008 жылы Глубокое к. мемлекеттік тілді үйрену орталығы ашылды, 2009 жылы 7 штаттық бірлікке қаражаттар бөлінді.
2008 жылы аудандық Достық Үйі құрылды және 2009 жылы оны ұстауға қаражаттар бөлінді.

2008 ж.
2007 ж.
2007 жылдың бірінші жарты жылдығына