Глубокое аудандық бюджеттік комиссиясының отырысы
30.07.2010
2010 жылы 27 шілдеде аудандық бюджеттік комиссия отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
2010-2012 жылдарға арналған бекітілген аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы.
Бюджеттік комиссия шешімі:
«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №17/222-IV шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі облыстық мәслихаттың №22/276- IV шешімімен келесідей өзгерістер қарастырылды:
ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қаражаттар азайтылды:
- әр түрлі сатыдағы (ҰОС қатысқандарға, ҰОС мүгедектерге, ҰОС қатысқандарға және ҰОС мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға, әскери қызметте қаза тапқан отбасыларға) азаматтарға материалды көмек көрсету 686 мың теңге сомаға;
- 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналарға, бір реттік материалды көмек көрсету 110 мың теңге сомаға;
- жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын кеңейтуге 1695 мың теңге сомаға;
ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қаражаттар артты:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге 729 мың теңге сомаға;
- «Михайловка –НҰР Тау» 0-6 км, 6-7,3 км» жолдарын орташа жөндеуге 80000 мың теңге сомаға;
-Черемшанка а. мәдениет үйін жөндеуге 6131 мың теңге сомаға;
Бағдарламалар ішінде қаражаттарға түзету жүргізілді.













