kazakh
russian
english

Ауыл шаруашылығы


«2008 жылдың бірінші жарты жылдығына бюджеттің орындалуы, Глубокое ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы»
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында сала өнімдерінің көлемі қолданыстағы бағамен 1744,3 млн.теңгені құрады. Жеке көлемінің индексі - 95,4%.

2008 жылдың қаңтар маусым айларында өткен жылдың сәйке аралығымен салыстырғанда ет өндіру 4%-ға азайды (3747,1 тонна), жұмыртқа өндіру– 11% (42377 мың дана). Ал сүт өндіру өткен жыл деңгейінде қалып - 18737,3 тоннаны құрады.

Ешкі және қой саны - 3%-ға артты (13141 бас).

Ірі қара малдары - 7%-ға азайды (27540 бас), соның ішінде сиыр басы - 5%-ға (10765 бас), шошқа басы - 2%-ға (27669 бас), жылқы басы - 10%-ға (2466 бас), құс басы 21%-ға (668 мың бас).

Көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде аудандағы шаруашылықтарымен көпжылдық шөптерді және күздік тырмалау, жабық ылғал бойынша іс-шара өткізді.

Аудандағы еркін базарлардан шаруашылықтар: 2340 тонна дизельді жанар жағар май, 420 тонна жанар май және 65 тонна дизельді май сатып алған.

Глубокое кентіндегі «Глубокое – АгроКредит» АНБ арқылы несие беру жұмыстары жалғасуда. 2008 жылдың 1-ші жарты жылдығында сомасы 74,9 млн. теңгеге 17 несие берілген.

Ауылшаруашылығын, малшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету қоры арқылы сомасы 5 млн. теңгеге 18 несие берілген.

Көктемгі-егіс жинау жұмыстарына аудандағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілеріне «Продкорпорация» АҚ арқылы 100 млн.теңге бөлінді: кәзіргі уақытта «Серов и К» Агрофирма (Секисовка а.) мен «ОХ МК» ЖШС А.П. Томашенко (Солнечный к.) сомасы 40 млн.теңге құрайтын 2 несие алынған.

Глубокое ауданының Ауылшаруашылығы 2007ж.
2007ж.1-ші жарты жылдығына Глубокое ауданының Ауылшаруашылығы