kazakh
russian
english

Белоусовка к. кезекті «Демалыс күнгі» жәрмеңке


09.03.2010

Белоусовка к. кезекті «Демалыс күнгі» жәрмеңке2010 жылдың 5 наурызында Белоусовка к. кезекті «Демалыс күнгі» жәрмеңкесі өтті. «Н.К. Балтаев» ЖШС нан-тоқаш өнімдерін, «Асыл құс» ЖШС, «Черемшанский бройлер» ЖШС тауық еті мен жұмыртқасын, Предгорное ауылынан «Қызыл Жар» ЖШС, «ШиХ» ЖШС – ұн, қарақұмық, бұршақ өнімдерін әкелді. «Шығыс Сүт» ЖШС – сүт өнімдерін, «Содружество» ш/қ сиыр, шошқа етін, «Глубочанка» ш/қ және «Глубокое Жаңа жер» ЖШС – 650-700 теңгеден сиыр етін, 35 теңгеден картоп әкелді. Веселовка ауылдық округінен де жәрмеңкеге қатысушылар болды. Тауарлық өнімдер 1,5 млн. теңгеге сатылды.
Белоусовкалықтар және жәрмеңкені ұйымдастырушылар қатысушыларға үлкен алғыстарын айтты.