Глубокое аудандық әкімдігінің кезекті отырысы
03.03.2010
2010 жылдың 26 ақпанда сағат 10.00-де Глубокое аудандық әкімдігінің кезекті отырысы өткізілді.
«2003-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» Өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы» мәселе қарастырылды.
«Глубокое ауданының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары» ММ бастығы А.К.Кусаинов анықтама берген.
«2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту Өңірлік бағдарламасын Глубокое ауданында жүзеге асыру барысы туралы» «Глубокое ауданының білім беру бөлімі» ММ бастығының (М.Ж.Асамбаев); «2010 жылдың қаңтарындағы облыс қалалары мен аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындысы туралы» «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығының(С.В.Большакова); «Глубокое ауданындағы естелік тарихи-мәдени мұра орындарының және демалыс белдемдерінің жағдайы туралы» «Глубокое ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бастығының Е.А.Смаилов) ақпараттары тыңдалды.













