Глубокое ауданының ІІБ қызметкерлерімен семинер -кеңес
02.03.2010
1 наурызда 2010 жылы Глубокое ауданының әділет басқармасының бастығымен, Глубокое ауданының ІІБ қызметкерлерімен семинер -кеңес өтті «Құқық қорғау органдары мен әділет органдары өзара әрекетестікте азаматтарды құжаттау жөнінде және интеллектуальдық меншік бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу».
Әділет басқармасының бастығы Р.Қ. Әділбаева қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы азаматтарды тіркеу және құжаттау бағыттары бойынша әділет басқармасының жұмысының қорытындысы туралы таныстырды.
«Қазақсатн Республикасының халқын құжаттандырудың бірқатар мәселелері туралы»Қазақстан Республикасының Үкіметінің 27.08.2009ж. № 1260 қаулысы және 2010 жылдың 13 тамызына дейін ЖИН жоқ ҚР азаматтарының жеке куәлігін және паспорттарын айырбастау тіркеу қызметі комитетінің хаты мен құқықтық көмек көрсету туралы қаралды.













