Президенттік үшсайыс бойынша жастар жүлдесі және жүлдеге дейін қысқы XIII спартакиада
02.03.2010
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы Салауатты өмір салтын дамытуды іске асыру барысында Глубокое аудандық білім беру бөлімі 2010 жылдың 27 ақпанында Президенттік үшсайыс бойынша әскералды және әскер қатарына шақырылған жастар арасында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған Қысқы XIII спартакиадасын Н.К.Крупская атындағы Глубокое орта мектебінде өткізді. Спартакиадаға аудан оқу мекемелерінің 28 командасы қатысты. 224 оқушы қамтылды.
Жеңімпаз атанғандар: қол сынағы бойынша қыздар арасында Н.К.Крупская атындағы Глубокое орта мектебінің оқушысы Швед Ольга, ұлдар арасында Бобровка орта мектебінің оқушысы Шушанников Виталий.
Спартакиада жеңімпазы болып Бобровка орта мектебі атанды, II орынды Н.К.Крупская атындағы Глубокое орта мектебі, III орынды Ушанов орта мектебі жеңіп алды.













