Көп балалы аналарға көмек.
02.03.2010
Қазақстан Республикасының 1995жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында мемлекеттік марапаттар туралы» № 2676 Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы аналардың «Алтын алқа» алқасын алуға жеті бала туған және тәрбиелеген аналар құқылы, «Күміс алқаны» алты бала туып және тәрбиелеген аналар құқылы. Глубокое ауданы бойынша мемлекеттік марапатқа ие болатын барлығы 286 үміткер бар. Бүгінгі күнде ауданда құрылған жұмысшы тобы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне марапаттау үшін 163 құжаттар дайындап жіберді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», 1,2 дәрежедегі «Ана даңқы» ордендарымен марапатталған және 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған 4 не одан көп балары бар 244 көп балалы аналарға жалпы сомасы 1220,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді.













