Алғаш ауыздан
02.03.2010
Облыстық телекөрсетілімнің жаңалықтар лентасында Белоусовка к. жылу құбырының тоқталуының фактісіне байланысты Глубокое ауданының басшысының мекен-жайына сынау материалы айтылған. Облыс әкімінің 23 ақпандағы сынау материалы барысында кейбір су құбырының обьектілері эксплуатацияға өткізілмей, «Жол картасы» бойынша ЖСҚ жаңа жұмыстарға дайын еместігі айтылған.
Осы мәселе әділ сыналды ма деген сауалымды аудан әкімі В.Л. Кошелевке қойдым.
- Иә, Белоусовкадағы «Қазақмыс» корпорациясының бақылауындағы электр кабель үзілген. Жылу беруді қалпына келтіруге бірнеше күндер кеткен. Осыған орай арнайы топтар құрылған. «ПриИртышье» КМК жеке кәсіпкері К.С. Мухамадиевқа және бәріне апатта қол ұштарын беріп көмектескендері үшін рахмет.
Глубокое ауданының жылу құбырына толықтыра айтқанда түрлі естулерге қарамастан ешқандай алаңдаушылыққа себептер жоқ. Көмірмен қамтамасыз ету жағынан қиындықтар болғанымен, жылу беру кезеңі қалыпты жүруде. Қазір жағдай Белоусовка мен Глубокое кенттерінде тұрақты.
Су құбыры обьектілерін өткізу бойынша келесідей анықтама беріп отырмын.
Эксплуатацияға өткізілмей, комиссиямен қабылданбаған Прапорщиково ауылының су құбыры да айтылды. Бұл обьектідегі біздің ауданның тапсырыс берушісі жарты жұмысты аяқтап, эксплуатацияға өткізген. Ал облыстық энергетика басқармасының және коммуналдық шаруашылығының тапсырыс берушілері екінші жарты жұмысын өткізбеген. Өрт сөндіру және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер өз талаптарын ұсынып, оларды жою қажет екендігін айтты. Сондықтан обьект толығымен эксплуатацияға өткізілмеген, бірақта сонда да Прапорщиково тұрғындарын сумен жабдықтауда. Осыларға қарамастан облыс әкімінің қаулысына сәйкес 1 мамырға дейін оны коммуналдық меншікке қабылдап, эксплуатацияға өткіземіз.
ЖСҚ жасау барысында мердігер – «Гайя» ЖШС фирмасының дөрекі қарым-қатынасымен соқтығыстық. Ол 7 ЖСҚ дайындау байқауын жеңіп алған. Оның екеуі – су құбыры бойынша тапсырылған. Бірақта бұл фирмадан 2 ЖСҚ ғана қабылданды. Ол Глубокое к. Мәдениет үйі және Веселовка а. су құбырының реконструкциясы ғана болып табылады. Енді бір жоба – Березовка а. су құбыры жүйесінің реконструкциясы – экспертизаға қайтадан өткізілген. Қалған жобалар сотпен қарастырылуда.
Жұмыс жүргізілуде. Аудан барлық жоғары көрсеткіштер позициясымен жағдайларды бақылауда және күнделікті жұмыс барысындағы пайда болған сұрақтарды бірегей шешуде.
Әңгімелескен: И. НЕМЧЕНКО.













