kazakh
russian
english

Жалпы мәліметтер


Эмблема Глубоковского районаГлубокое ауданы 1964 жылы 31 желтоқсанда құрылған. Әкімшілік орталығы Глубокое кенті, облыс орталығынан (Өскемен) 27 км жерде орналасқан. Көлемі - 7,3 мың шаршы км, екіден үш бөлігі таулы-орманды жерлерді алып жатыр.

46 елді мекендері, соның ішінде бес кент бар. Аудан әкімшілігінің құрамында 13 ауылдық және 4 кенттік округтер бар.

Тұрғындардың саны 66 500 адам. Ауылдық жерлерде 39 600 адам тұрады, жұмысшы кенттерінде - 26 900 адам тұрады.Тұрғындардың саны бойынша Глубокое ауданы облыста үшінші орын алады. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны 26900 адам, зейнеткерлер - 21 200, соғысқа қатысқандар және оларға теңестірілген тұлғалар – 2 600 . Тұрғындардың ұлттық құрамы: орыстар 81,6%, қазақтар 12,0%, басқа ұлттар 6,4%.

Аудан қолайлы жерде орналасқан. Ол Шемонаиха, Ұлан және Зырян аудандарымен, Алтай өлкесімен, Өскемен және Лениногорск қалаларымен шектеседі. Аудан аумағы бойынша республикалық мақсаттағы темір жолдары және автомобиль трассалары өтеді. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс желдері басым. Тоң мамыр айының аяғында аяқталады, тамыз айының басында қайта басталады. Қар қараша айының бірінші жартысында түсіп, сәуір айының екінші жартысында кетеді. Оның қалыңдығы қыстың аяғында 90 см дейін жетеді.

Глубокое ауданының қойнауы көп металл кенін сақтайды. Қорғасын, мырш және мыстан басқа онда алтын, күміс, кадмий, сурьму, мышьяк, темір, серу, селен, ртуть, және басқа элементтер бар. Металдардың тазалығынан Березовка, Белоусовка, Ертіс және Ново-Березовка кен байыту орындары дүниежүзілік стандарттардан кем емес. Аудан аумағында 23 құрылыс материалдарының орындары зерттелді, соның ішінде құрылыс тастары, ізбес, кірпіш балшығы, құм-қиыршық тас араласы және құрылыс құмы бар. Мәрмәрлар, диодориттер және кварцальбитофирлер, құрылыс тастары алуға шикізат болып табылады.

Глубокое ауданының ормандарында көптеген саңырауқұлақтар, жидектер, бал жинайтын және дәрілік шөптер бар. Ормансыз жерлердегі әртүрлі шөптер жоғары сапалы шабындық пен жайылым ретінде пайдаланылады. Жыл сайын аудан аумағында 300 мың кубометр ағаш даярланады, ол Шығыс Қазақстан облысында даярланатын ағаштың жартысын құрайды.

Таулы орманда аю, сілеусін, құндыз басқа аңдар өмір сүреді. Жартасты жерлерінде арқарлар, ал құрғақ жоталарда сібір тау ешкілері кездеседі.