Аудан тарихы
1730 жылы штейгер Иван Чупоршнев өте бай Березовка кен байыту орнын ашты.
1731 жылы Демидовтың Невьянский зауытынан әкелген жұмысшыларының күшімен осы орын пайдаланыла бастады. Нан мен жемді алыс сібір және урал жерлерінен тасыды.
1760 жылы азық-түлік мәселесін шешу үшін «Өскемен қамалынан жер алып, Уба өзенінің бойындағы қамал мен тұрғылықты ыңғайлы жерлерге, Ертіс өзенінің оң жағындағы Березовка, Глубокий, Ульба және Ертіске құятын басқа да өзендерге орыс адамдарынан екі мыңға дейін адам тарту туралы» Сібір Жарлығы шықты. 
1761- Глубокоенің туған жылы. Қарт тұрғындардың айтуы бойынша осы жылы Петушок жотасының етегінде Игнатий Губин отбасымен қоныстанған.
Глубокое тұрғындары нан өсіріп, мал шаруашылығымен айналысып, тау- зауыт тұрғындарын және Ертіс казак желісінің әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Алғашқы көшіп келушілер әкімшілік есепте Өскеменде тұрды. Шаруалардың нан өсіруден басқа міндеттеріне жолдарды жөндеу және жас ер адамдарды кен жұмыстарына тасып апару жатты.
арлық жүктер атпен тасылғандықтан, ат шаруашылығы дамыды.
1747 жылы Секисовка селосы пайда болды. (Секисовка редутының орнына), 1767 жылы Бобровка, 1797 жылы Белоусовка селолары пайда болды.
Глубокое ауданы – кенді Алтайдың ара шаруашылығы отаны. 1786 ең бірінші аралар Бобровкаға әкелінді, кейіннен Глубокое, Прапорщиковоға, одан барлық Алтайға тарады.
"Лена-Лимитед-Голфилдс" ағылшын компаниясы Глубокое кентінде шағын мыс зауытын сала бастағанда Ертіс мыс қорыту зауытының тарихы 1920 жылдары басталады. 1931 жылы зауыт іске қосылды. Компаниямен келісім–шартты бұзғаннан кейін Глубокое кенті орталығымен «Лена –банк» Алтай комбинаты құрылады.
1932 жылы комбинат Ертіс тау-өнеркәсіп кешені болып қайта құрылады, оның құрамына Белоусовка және Березовка руднигі кіреді. 1937 жылы Ертіс мыс қорыту зауыты жұмыс істей бастады. 1935 жылы Глубокое арқылы Рубцовск-Защита темір жол бағыты өтті.
Глубокое жері 10 Кеңес Одағының батырын және 19 Социалистік Еңбек Ерлерін өсірді.











