kazakh
russian
english

Әкім


Қызметтік міндеттер:

Ауданның мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен арақатынасындағы мүддесін ұсынады. Облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдарының өңірлік бөлімшелерінің заңдарды, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындау бөлігіндегі іс-әрекеттері туралы ұсыныс енгізу. Сәйкес тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті және басқа атақтарды беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізеді. Аудандық мәслихатқа «Глубокое ауданының құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді.
Мына лауазымды тұлғаларды лауазымдарға тағайындайды және лауазымынан босатады: аудан әкімінің орынбасарын, аудан әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, ауданның кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдерін.

Аудан әкімінің орынбасарына, аппарат басшысына және құрылымдық бөлімшелер басшыларына, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, сонымен қатар ауданның кенттері мен ауылдық округтері әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді. Ауданның кенттері мен ауылдық округтері әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді. Азаматтардың құқығын қорғау және еркіндігі жөніндегі шаралар қабылдайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қатынасады. Әлеуметтік-мәдени бағыттағы мекемелерге мектепке дейінгі, орта, бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріне материалдық – техникалық көмек көрсетеді және демейді.
Бюджетке салық жинауға және басқа да міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді. Аудандық мәслихатта бекітуге Республика Үкіметімен бекітілетін, жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымының негізінде ауданды басқару сызбасын ұсынады.
Өзінің құзыры шеңберінде жалпы әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер жөніндегі заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.

Мәслихатта бекіту үшін ведомствоаралық маңыздағы мәселелер бойынша кеңес беру және кеңесудің дербес құрамын ұсынады. Ауданның прокуратурасымен, аудандық сотпен, ішкі істер бөлімімен, ауданның әділет басқармасымен, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, өңіраралық қаржы полициясы бөлімімен қарым қатынасады.
Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің іс-әрекетіне басшылық етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.


Глубокое ауданының әкімі – Кошелев Владимир Леонидович

Кошелев Владимир Леонидович 2009 жылдың 19 қаңтарында әкім болып тағайындалды. Ұлты орыс. 1984 жылы Семей ет және сүт өнеркәсіп технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. Екінші жоғары білімі бар, Қазақ мемлекеттік заңгерлік академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірді.
1962 жылы 22 сәуірде Семей облысы Көкпекті ауданы Преображенка а. дүниеге келген. Еңбек ету жылдарын Көкпекті ауданындағы аудандық ауыл шаруашылық текникасының инженер-технологы болып бастады, сол жерден Совет Әскері қатарына шақырылды. Әскери міндетін атқарғаннан кейін Семей қ. Семейлік темір бетон құрама өндірістік бірлестігінде әр-түрлі қызметте жұмыс істеді.1992 жылы Семей қ. «Семдар» ЖК директорының орынбасары болып ауысты, 1993 жылы Семей облысы бойынша сыртқы экономикалық байланыс Министрлігі комитетінің бас маманы болып тағайындалды.
01.1995-10.1995 жылы - Семей облыстық әкімшілік жанындағы «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерің қолдау қоры» директорының орынбасары
10.1995-12.1995 жылы – Семей қ. «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерің қолдау қоры» директоры
12.1995-01.2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамының өкілдік директоры.




Азаматтарды Қабылдау

Аудан әкімі әр бейсенбі күні сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін қабылдайды

Телефон – 8 (72331) 2-22-00

Қабылдау бөлмесі - 8 (72331) 2-28-08