Веселовка ауылдық округінде Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі
03.02.2010
2010 жылдың 2 ақпанында Веселовка орта мектебінің ғимаратында Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі болды. Веселовка ауылдық округі тұрғындарының алдында елде болып жатқан реформаларды іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2010 жылға арналған перспективалар туралы Глубокое ауданының әкімі В.Л. Кошелев сөз сөйледі. Кездесу жұмысына 102 адам қатысты, оның ішінде ШҚО бойынша құрылыс басқармасының бастығы Ж.Х.Муратов, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары В.В.Лаптев, Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А.П.Брагинец. Кездесу жұмысына қатысқандар: зейнеткерлер, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және Заречное а. өкілдері.
Округ тұрғындары есеп беру кездесуінде Республикадағы, аудандағы, және өз ауылдық округіндегі істер жағдайы туралы нақты ақпараттар алды.
Әкімнің есеп беру кезінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің диаграмма слайдтары және фотолары қоса көрсетілді.
Есеп беру барысында аудан әкіміне сұрақтар қойылды, оларға ол дәлелді ақпарат берді. Бұл сұрақтар әлеуметтік салаға қатысты: мәдениет үйін жөндеу туралы, Веселовка а. сумен жабдықтау жүйесін жөндеу туралы, Веселовка орта мектебінің базасында балалар бақшасын немесе шағын орталық ашу туралы, ауылды көркейту тулары, Заречное а. сілтеуіш белгісін орнату туралы.
Ұсыныстарды жинау үшін бұрынырақ орнатылған жәшікке сегіз сұрақ түсті, оларға есеп беру барысында жауаптар берілді.
Кездесу аудан әкімінің халықпен диалог жүргізу шеберлігін, кездесуге қатысушыларының сұрақтарына дәлелді жауап беретіндігін көрсетті. Залда Веселовка ауылдық округі тұрғындарының және аудан әкімінің арасында тартымды, қызықты әңгіме құрылды. Және, жалпы алғанда, халық атқарушы биліктің жұмысына қанағаттанды.













