Кожохово ауылдық округінде Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі
03.02.2010
2010 жылдың 2 ақпанында Кожохово орта мектебінің ғимаратында Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі болды. Кожохово ауылдық округі тұрғындарының алдында елде болып жатқан реформаларды іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2010 жылға арналған перспективалар туралы Глубокое ауданының әкімі В.Л. Кошелев сөз сөйледі. Кездесу жұмысына 120 адам қатысты, оның ішінде ШҚО бойынша құрылыс басқармасының бастығы Ж.Х.Муратов, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары В.В.Лаптев, Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А.П.Брагинец. Кездесу жұмысына қатысқандар: зейнеткерлер, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және Прогресс а. өкілдері.
Орта мектептің акт залы кездесуге сәйкес безендендірілген, микрофондармен техникалық қамтамасыз етілген. Барлық келушілерді кезекшілер қарсы алды.
Есеп беру барысында аудан әкіміне сұрақтар қойылды, оларға ол дәлелді ақпарат берді. Бұл сұрақтар әлеуметтік салаға қатысты: Кожохово ауылының су бұру және сумен жабдықтау желісін қайта құру үшін ЖСҚ қаражат бөлу туралы, Кожохово ауылдық округіндегі жолдарды жөндеу туралы, Кожохово ауылын жарықтандыру, Кожохово а. пошта бөлімшесінің жылу жүйесін жөндеу, Кожохово ауылын санитарлық тазалау, қаңғыбас иттерді ату және учаскелік инспектордың жұмысы туралы.
Ұсыныстарды жинау үшін бұрынырақ орнатылған жәшікке сегіз сұрақ түсті, оларға есеп беру барысында жауаптар берілді.
Кездесу аудан әкімінің халықпен диалог жүргізу шеберлігін, кездесуге қатысушыларының сұрақтарына дәлелді жауап беретіндігін көрсетті. Залда Кожохово ауылдық округі тұрғындарының және аудан әкімінің арасында тартымды, қызықты әңгіме құрылды. Және, жалпы алғанда, халық атқарушы биліктің жұмысына қанағаттанды.











