kazakh
russian
english

Киров ауылдық округінде 2010 жылы Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі


02.02.2010

2010 жылдың 01 ақпанында Прапорщиково а. мәдениет үйінің ғимаратында Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі болды. Секисовка ауылдық округі тұрғындарының алдында елде болып жатқан реформаларды іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2010 жылы болашақта күтілетіндер туралы Глубокое ауданының әкімінің орынбасары В.В.Лаптев сөз сөйледі. Кездесу жұмысына 251 адам қатысты, оның ішінде, ШҚО бойынша құрылыс басқармасының бастығы Ж.Х.Муратов, Глубокое аудандық мәслихатының депутаты. Кездесу жұмысына қатысқандар: зейнеткерлер, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.
Мәдениет үйінде зал кездесуге сәйкес безендендірілген.
Округ тұрғындары есеп беру кездесуінде Республикадағы, аудандағы, және өз ауылдық округіндегі істер жағдайы туралы нақты ақпараттар алды.
Әкім орынбасарының есеп беруі кезінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің диаграмма слайдтары және фотолары қоса көрсетілді.
Есеп беру барысында аудан әкімі орынбасарына сұрақтар қойылды, оларға ол нақтылы ақпарат берді. Бұл сұрақтар әлеуметтік салаға қатысты: Уварово а. жаңа мектеп салу үшін ЖСҚ қаражат бөлу туралы, Прапорщиково а. мәдениет үйінің жылу жүйесіне жөндеу жүргізу туралы, Прапорщиково а. Қазпошта және медпунктке су құбырын жүргізу туралы.
Кездесу аудан әкімі орынбасарының халықпен диалог жүргізу шеберлігін, кездесуге қатысушыларының сұрақтарына дәлелді жауап беретіндігін көрсетті. Залда Киров ауылдық округі тұрғындарының және аудан әкімі орынбасарының арасында тартымды, қызықты әңгіме құрылды. Және, жалпы алғанда, халық атқарушы биліктің жұмысына қанағаттанды.