Калинин ауылдық округінде 2010 жылы Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі
02.02.2010
2010 жылдың 01 ақпанында Березовка орта мектебінің ғимаратында Глубокое ауданы әкімінің есеп беру кездесуі болды. Калинин ауылдық округі тұрғындарының алдында елде болып жатқан реформаларды іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2010 жылы болашақта күтілетіндер туралы Глубокое ауданының әкімінің орынбасары В.В.Лаптев сөз сөйледі. Кездесу жұмысына 80 адам қатысты, оның ішінде ШҚО бойынша құрылыс басқармасының бастығы Ж.Х.Муратов, Жер қатынастары бөлімінің бастығы С.Б.Кимасов. Кездесу жұмысына қатысқандар: зейнеткерлер, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.
Орта мектептің акт залы кездесуге сәйкес безендендірілген.
Округ тұрғындары есеп беру кездесуінде Республикадағы, аудандағы, және өз ауылдық округіндегі істер жағдайы туралы нақты ақпараттар алды.
Әкім орынбасарының есеп беруі кезінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің диаграмма слайдтары және фотолары қоса көрсетілді.
Есеп беру барысында аудан әкімі орынбасарына сұрақтар қойылды, оларға ол нақтылы ақпарат берді. Бұл сұрақтар әлеуметтік салаға қатысты: дәріхана пунктін Дәріханаға дейін кеңейту туралы, ауылдық дәрігерлік ауруханаға жөндеу жүргізу, орталық көшені жарықтандыру, мәдениет үйіне жөндеу жүргізу туралы.
Ұсыныстарды жинау үшін бұрынырақ орнатылған жәшікке екі сұрақ түсті, оларға есеп беру барысында жауаптар берілді.
Кездесу аудан әкімі орынбасарының халықпен диалог жүргізу шеберлігін, кездесуге қатысушыларының сұрақтарына дәлелді жауап беретіндігін көрсетті. Залда Калинин ауылдық округі тұрғындарының және аудан әкімінің арасында тартымды, қызықты әңгіме құрылды. Және, жалпы алғанда, халық атқарушы биліктің жұмысына қанағаттанды.











