Жол картасы іс -әрекетте
«Жол картасы» бағдарламасы аясында Алтайский к. шаруашылық-зәрнәжіс тазарту құрылысын ағымдағы жөндеу аяқталды. Өндірістік үй-жайлар жөндеуден өткізілді. Жөндеуді жүргізген «КАЗАХИНТЕРСТРОЙ» ЖШС.



Жоба жасалды
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті («Абай» шағын ауданы) және Быструха ауылының сумен қамту жүйесін қайта құру жобасы 2009 жылы жасалды. 2010 жылы 29 шілдеде «Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кентінің («Абай» шағын ауданы) сумен қамту желісін қайта құру» жобасы мемлекеттік сараптамадан № 06-0175/10 оң қорытынды алды.. Быструха ауылын сумен қамту жүйесін қайта құру жобалық құжаттары қазіргі кезде мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Глубокое ауданының дағдарысқа қарсы шаралар бойынша жұмысшылар тобының кеңесі
2010 жылы 31 тамызда дағдарысқа қарсы шаралар бойынша жұмысшылар тобының отырысы өткізілді. «Черемшанский бройлер» ЖШС және «ЧПФ полюс» ЖШС кәсіпорындарының қызметі туралы мәселе қарастырылды.
«Кожохово ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2010 жылдың 30 тамызында Кожохово ауылдық округі ауылдарының Мәдениет Үйлерінде Қазақстан Республикасы Конститутциясының 15-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Іс-шараларға өздері әзірлеген ойын-сауық шығармашылық ұжымдар қатысты.
«Кожохово ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конститутциясының 15-жылдығына арналған Глубокое аудандық ұйым мекемелерінің ұжымдарымен парадқа қатысты. «Кожохово ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ колоннасы мерекелік транспаранттармен безендірілді.
Глубокое к. Конституция күні
2010 жылғы 20 тамызда Глубокое кентінде Конституцияның қабылданғанына 15 жыл құрметіне ұйымдар мен кәсіпорындар ұжымдарының мерекелік шеруі болды. Глубачандықтарды және қонақтарды мерекесімен ауданы әкімі В.Л. Кошелев, аудандық мәслихат хатшысы А.П. Брагинец құттықтады. Ауданның жас азаматтарына жеке кәулік тапсыру рәсімі болды, көп балалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» медалдары тапсырылды. Күн ішінде халықтық ойын–сауық, мерекелік сауда, спорттық жарыстар өтті. Іс –шаралар жастардың би кешімен аяқталды.
Құнсыздану үдерістерін тежеу бойынша штаб отырысы
2010 жылы 26 тамызда Глубокое кентінде құнсыздану үдерістерін тежеу бойынша штабтың отырысы өтті, онда Белоусовка кентінде өтетін, ҚР Конституция күніне арналған мерекелік жәрмеңке өткізу мәселесі бойынша «Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы және ветеренария бөлімі» ММ бастығы тыңдалды.
Мереке қарсаңындағы жәрмеңке.
26.08.2010
2010 жылдың 27 тамызында Белоусовка кентінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған Глубокое ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілердің қатысуымен жәрмеңке өтті. Кенттің тұрғындары мен қонақтары әр түрлі өнімдердің таңдауы: нан - тоқаш өнімдері, сүт- шұжық өнімдері, шошқа және сиыр еті, тауық еті және жұмыртқа, калибрлік тұқымды күнбағыстың майы, астық қалдықтары ауданның әр аймағынан бал. Картоп, көкөніс, жеміс, қарбыз, ұн және жарма сату ұйымдастырылды.
Бал фестивалы
26.08.2010
Қазақстан Республикасының конститутциясы күні қарсаңында 30 тамыз күні Өскемен қаласында халықаралық бал фестивалы болады. Осы фестивальға Глубокое ауданынан 26 омарташы қатысады. Олар 4,0 тонна жоғары сапалы бал ұсынады, бал дегустациясы, гүл тозаңы, бал сусындарын және т.б. ұсынылады. Сонымен қатар балды аз қамтылған халыққа әлеуметтік бағамен сату көзделіп отыр.
Өткізілу орны: Қазақстан көшесі, Республика алаңынан Қ. Қайсенов көшесіне дейін «Сулпак» дүкенінің маңы.
Сквер
19.08.2010
Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы 91, Глубокое ауданының күшімен, бұрынғы метттал құрылғы мен блоктарды қайтадан жөндеу жүргізілді; қайраң әкелінді; тротуарға плиткалар қаланды; 365 кв.м. алаң және көшге жарық берілді (27 шам орналастырды); ағаш орындықтар; гүлзарлар және газон жөнделді; кіші сәулет үлгілері жабдықталды (12 орындық, 7 урна); сквер аумағын аббаттандыру жүргізілді.
Глубокое к. «Үздік аудармашы » аудандық байқау .
19.08.2010
20010-2010 жылдарға арналған «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асырудағы іс-шаралардың жоспарына сәйкес Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мемлекеттік тілді оқыту орталығы, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын насихатау; мемлекеттік органдар мен мекемелерде ,ұйымдарда , мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру мақсатында 2010 жылдың 13 тамыз «Үздік аудармашы » аудандық байқауын өткіздік
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- …
- следующая ›
- последняя »













